
Азаматтық және конституциялық құқық кафедрасында «Құқықтық нормалардың қолданылуы» тақырыбында ашық лекция өткізілді







Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша «Құқықтық нормалардың қолданылуы» тақырыбында ашық лекция өткізді. Сабақ құқықтану мамандығының бірінші курс студенттеріне арналды. Лекция барысында құқықтық нормаларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері талқыланды. Құқықтық нормалардың дұрыс жүзеге асырылуы құқықтық жүйенің тиімділігі мен қоғамдағы құқықтық тәртіптің сақталуына тікелей әсер ететіні ерекше аталып өтті. Ашық сабақта құқықты қолдануға қатысты салыстырмалы құқықтық талдау да жүргізілді, соның ішінде Англияның құқықтық жүйесіне қатысты бірқатар теориялық мәселелер талқыланды. Құқықтық нормаларды қолданудағы түрлі тәсілдер мен әдістер, сондай-ақ құқықтық жүйенің ерекшеліктерін түсіну студенттердің құқықтану мамандығы бойынша білікті маман ретінде қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз. Ашық сабаққа заң факультетінің профессорлық оқытушылық құрамынан профессор Бейбітов М.С., қауымдастырылған профессорлар Жаркенова С.Б., Ибрагимов Ж.И., Орманова Ш.Ш., Мұратханова М.Б., Бердиярова Ж.С. қатысты.
Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ол Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің Білім саласын басқару, көшбасшылық және саясат бойынша докторантурасын аяқтаған (2024 ж.). Сонымен қатар, 2011 жылы Қазақстан Республикасының «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанған. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 22 жыл. 130-дан астам оқу және ғылыми жарияланымдардың авторы. Олардың ішінде 6 монография, ҚР БҒМ грифімен 4 оқулық, 2 оқу құралы, Scopus деректер базасындағы 9 мақала, ҒЖБССҚК журналдарында шамамен 30 мақала және т.б.
