
Б.Майлин-қазақ әңгімесінің хас шебері
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
29.11.2024 144







Ғылыми кітапхананың №12 оқу залында қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драматург - Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің 130 жасқа толуына орай "Б.Майлин-қазақ әңгімесінің хас шебері" атты танымдық шара өтті. Іс-шараға филология, жаратылыстану және тарих факультетінің студенттері қатысты.
Кеш барысында Б.Майлиннің өмірі мен қазақ әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына қосқан өлшеусіз үлесі, шығармаларының өміршеңдігі талқыланды. Оқырмандар оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы тұлғалық рөліне тоқталып, филология факультетінің студенттері М.Мұратжанова мен А.Серікбай ақынның «Жастарға», «Күз келсе» атты өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Кеш соңында Б.Майлин шығармашылығы бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Бөлісу:
