
ЕҰУ зерттеуші профессоры Латвия ғылым академиясының академигі болып сайланды



Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің физика-техника ғылымдары институты «Техникалық физика» кафедрасының профессор – зерттеушісі Алма Даулетбекова Латвия Ғылым академиясының академигі болып сайланды. Бұл айтулы оқиға Алма Кабдиновнаның ғылым мен білімге қосқан зор үлесін дәлелдейді және әріптестері мен шәкірттерін жаңа жетістіктерге шабыттандырады.
А.Даулетбекова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын бірнеше ғылыми жобалардың ғылыми жетекшісі, Хирш индексы 15-ке тең.
Ғылыми шараларды ұйымдастыру - А.Даулетбекованың бір мықты тұсы. 2012 жылдан 2024 жылға дейін «Новые материалы и современные измерительные технологии (НМ&СИТ)», халықаралық мектеп-семинарын, REI-20 халықаралық конференциясына негіз болған REINM-2014 халықаралық семинарын өткізді. Қырық жылдық тарихы бар REI (Radiation Effects in Insulators) конференциясының Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі. А.К. Даулетбекованың төрағалық етуімен ЕҰУ-де REI-20 (rei20.kz) мерейтойлық халықаралық конференциясы өтті. 2024 жылдың тамыз айында «Диэлектрлік материалдардағы дефектілер» (ICDIM-2024) 21-ші Халықаралық конференциясы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аумағында А. Даулетбекованың төрағалық етуімен өткізілген болатын.
Алма Даулетбекованың Еуразия ұлттық университетіндегі жұмыс 20 жылға жуық еңбек етуде. А. Даулетбекова жоғары энергиялы ауыр иондармен әрекеттесу кезінде функционалдық материалдардың оптикалық, құрылымдық және микромеханикалық қасиеттерінің модификациясын зерттейді.
Осыған дейін Алма Даулетбекова Қазақстан Республикасының бірнеше мемлекеттік наградаларымен марапатталған болатын:
– Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, № 01455 (21 мамыр 2008 ж.);
– 2009 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;
– «Болашақ» стипендиясының иегері, 2009 ж.;
– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «Л.Н. Гумилев» медалімен марапатталды, (2014 ж.);
– Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды, № 120, (10 сәуір 2014 ж.);
– 2015 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы 2020 жылғы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы Премия, (2020 ж.);
– 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» мемлекеттік грантының иегері (2022 ж.);
Алма Кабдиновнаның жетістіктеріңізбен мақтанамыз және еңбегіне табыс, отбасына амандық, жаңа ғылыми жаңалықтар мен барлық ойлаған жоба-жоспарларының жүзеге асуын тілейміз!
