
«Менің Қазақстаным!» атты интеллектуалды ойыны

2024 жылы 7 желтоқсанда практикалық қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным!» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға кафедрада ұйымдастырылған «Қазақ тілі» клубының мүшелері - Түркменстан елінен келген шетелдік студенттер, сәулет, шетел филологиясы мен география мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Еліміздің тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген шара барысы қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыраның үнімен басталды. АЖиОЗ-14 тобының студенті Амет Асанжан «Ерке сылқым» күйін шебер орындауы шетелдік студенттердің көңілінен шықты.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихын таныстыру мақсатында дайындалған мазмұнды да қызықты сөзжұмбақтармен дайындалған слайдты Гг-12 тобының студенттері А.Ахметкалиева, Ж.Бетбай, Ж.Төлеу және Н.Есалы көпшілік назарына ұсынды.
Шетел тілі тобының студенттері А.Серікбекқызы, А.Тургамбекова, М.Шожанова қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, салт-дәстүрімен таныстыруға құрастырылған интеллектуалды ойынын жүргізді. Бұл ойын түрі топқа бөлініп жүргізілгендіктен тартысты өтті. АРХ-14 тобының студенттері Ә.Ақылбек, С.Галымова, Ж.Ахмамбетов дайындаған «Kahoot» ойыны да шараның тақырыбын ашып, әсерлі өтті.
Шара барысында кафедра доценті, ф.ғ.к. А.Т.Ашенова сұрақ-жауап алуға белсенді қатысқан білім алушылардың ынтасын бағалай келіп, осындай интеллектуалды ойындар еліміздің маңызды деген ақпараттарын қамтитынын, қазақ тіліндегі тілдік дағдыларын жетілдіруде студенттер өзара сұхбаттасуға болатынын жеткізді.
