
10 Студенттер үйінде Экономика факультетімен "16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды

14.12.2024 ж. 10 Студенттер үйінде Экономика факультетінің "Менеджмент" кафедрасының ұйымдастыруымен "16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты қонағы, Желтоқсан оқиғасына қатысушысы, "Есеп және талдау" кафедрасының доценті, экономикалық ғылымдарының кандидаты - Қайранбеков Бауыржан Оқташұлы білім алушыларға Желтоқсан оқиғасын баяндап, өз естеліктерімен бөлісті.
Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі, Қайранбеков Бауыржан Оқташұлы бұл оқиғаның маңызын түсіндірді.
Желтоқсан оқиғасының ісі егжей-тегжейлі зерттеліп, шын бағасы беріліп, ұлттық тарихымыздан өзінің тиісті орнын алды.
«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, PhD – Мухияева Динара Мұхтаржановна, Экономика факультетінің деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Тажибаева Жұмагүл Орашовна білім алушыларға 16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығы туралы және бұл терең мағына мен тарихи мәнге толы еліміздің басты мемлекеттік мерекесі жайлы айтты.
6B04101 - "Менеджмент" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері мереке және басты қонақтың құрметіне шығармашылық нөмірлерімен өнер көрсетті. Пердебеков Талант «Желтоксан желі» әнің айтып, Амангелдиев Серікбол “Көк есектерге” Ахмет Байтұрсынұлының шығармасын оқып, Нұрасыл Айдарбек - «Алаш Аманаты» атты күй тартты.
Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысты, іс – шара жоғары деңгейде өтті.
