
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау» пәні











Кафедра профессоры, п.ғ.д. Жиенбаева Сайра Нагашибаевна басшылығымен 3-курс студенттері «Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау» атты пәнінен мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау құралдары бойынша жоба жұмыстарын қорғады.
Еліміздегі және әлемдік деңгейдегі мектепке дейінгі білім сапасын FCCERS, ITERS, ACEI, CIS, CLASS, SACERS, KES – R, KRIPS-R, Stallings , EDI, ECERS, ECERS -3 және т.б. бағалаудың халықаралық шкаларының артықшылықтары, тиімділігін және олардың бірі-бірімен салыстырып теориялық талдаулар жүргізді. Соның ішінде елімізде көбірек қолданылып жүрген ECERS -3 тереңірек талқыланды. Аталған шкала бойынша Астана қаласындағы Аққу балабақшасында шағын шкалалармен бақылау жүргізді, қорытынды ұсыныстарын бере білді. Студенттердің қазақ, орыс, ағылшын тілде еркін сөйлей алуы, әлемдік деңгейдегі әдебиеттермен, рейтингісі жоғары журналдағы мақалалармен жұмыс істей алуы, рефлексия, сыни тұрғыда қарауы, іздемпаздығы қуантты. Болашақта мектепке дейінгі ұйымды жаңа бағыттағы мамандар толықтырады деген сенімдеміз.
