
Египеттен шақырылған профессордың оқу-әдістемелік семинары өтті



Египеттен шақырылған профессордың оқу-әдістемелік семинары өтті
2024 жылғы 13 желтоқсанда шығыстану кафедрасында онлайн-форматта Айн-Шамс университетінің (Каир, Мысыр) шақырылған профессоры Ашраф Мохаммед Аттияның «Қазіргі заманғы араб мәдениеті» тақырыбында оқу-әдістемелік семинары өтті.
Лектор араб мәдениеті дамуының негізгі кезеңдерін таныстырды, оның дамуындағы аударма қызметінің ерекше рөліне тоқталды және жаһандану мен вестернизацияның болып жатқан процестеріне байланысты кездесетін проблемалар мен қауіп-қатерлерді бөліп көрсетті.
Д. Ашраф Аттия ЕҰУ-да 2011 жылдан бері түрлі форматтарда жұмыс істейді. Араб бөлімінде білім алушылардың оның сабақтарында өз тілдік құзыреттіліктерін тілде сөйлеушімен дамытуға мүмкіндігі бар.
Авторы: Тулеубаева С.А.
