
Ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурстың, 2024 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың және «Үздік ғылыми қызметкер - 2024» конкурсының қорытындылары жарияланды

2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықтар, Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға конкурс жариялады.
Конкурс нәтижелері бойынша Мемлекеттік ғылыми стипендиялар келесідей тағайындалды:
Жетекші ғалымдар:
Жүсіпбеков Асқар Жағпарұлы - т.ғ.д., құрылыс кафедрасының профессоры (СҚФ);
Мырзақұлов Қайрат Ратбайұлы - ф-м.ғ.к., жалпы және теориялық физика кафедрасының қаумд. профессоры (ФТҒИ);
Сембиева Ләззат Мықтыбекқызы - э.ғ.д., мемлекеттік аудит кафедрасының профессоры және кафедра меңгерушісі (ЭФ).
Жас ғалымдар:
Құсайынова Әсия Арсланқызы - Философия докторы (PhD), Жасуша биологиясы және биотехнология институтының АҒҚ (ЖФ)
Стипендиаттарды құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға және көтермелеуге бағытталған.
Республикалық конкурстық комиссия Есім Ғарифолла - ф.ғ.д., Философия кафедрасының профессорына (ЖӘҒФ), ҚР ҰҒА академигіне 2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.
Сыйлық лауреатын құттықтаймыз!
