
ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценті Динара Есімова БҰҰ жанындағы Қазақстандағы демократиялық реформаларға арналған сайд-ивентке қатысты (Женева)













Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, әлеуметтік жұмыс саласындағы PhD докторы, кәсіби әлеуметтік қызметкерлер Ұлттық Альянсының атқарушы директоры Динара Есімова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Женевада БҰҰ-да өткен «Kazakhstan' s democratic transformations: Political and social rights» тақырыбындағы сайд-ивентте әлеуметтік саясатты нығайтудағы және осал топтардың құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғамның рөлі туралы айтты.
Қазақстан өкілдері елдегі саяси және әлеуметтік реформалар туралы хабардар етті.
Іс-шара Қазақстанның демократиялық қайта құру саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған әлеуметтік және саяси реформаларды халықаралық қоғамдастыққа ұсыну мақсатында Адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының төртінші ұлттық баяндамасын қорғау шеңберінде ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Сенатының жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.
БҰҰ-да өткен сайд-ивентте сөйлеген сөзінде ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценті, кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық Альянсының атқарушы директоры Динара Есімова:
«Қазақстанның 2019 жылы әмбебап мерзімді шолуды қорғаумен салыстырғанда, әлеуметтік қызметкерлердің адамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық құқықтарын қорғау күн тәртібінен үні шығып, даусы естілгені қуантады, бұл Парламент деңгейіндегі сараптамалық қызметте және әлеуметтік-экономикалық дамуда ұсыныстар әзірлеуде көрінеді. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 169 индикаторының кем дегенде 117 индикаторы елдердегі кәсіп пен практика ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуымен байланысты екендігі ерекше маңызды. Балалармен байланысты ТДМ-ға жақындаудағы әлеуметтік жұмыс өте маңызды, тек 15% - ы 2030 жылға қарай қол жетімді болуы мүмкін және елдерде әлеуметтік жұмысты дамытпай бұл мүмкін болмайды. Сондықтан Қазақстанның әмбебап мерзімді шолуын (ӘМШ) келесі қорғауға біз Қазақстандағы әрбір орта мектепте және балалар үйінде Балаларға арналған әлеуметтік қызметкерді енгізе алдық деп айта аламыз».
Сондай-ақ Динара Есімова 2019 жылы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының бастамасымен кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы құрылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Альянс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көмегімен әлеуметтік қызметкерлерді қолдау мақсатында 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандарға, жеке көмекшілерге арналған тегін онлайн оқыту курсын дайындаған. https://skills.enbek.kz/ сайтында қолжетімді.
Сайд-ивент халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, құқық қорғау және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін қоса алғанда, қатысушылардың кең ауқымын жинады, бұл Қазақстанда адам құқықтарын дамыту туралы ашық диалогқа ықпал етті.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер ауқымды реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданған шараларды қолдайтынын білдірді және Қазақстанда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын нығайту бойынша нақты қадамдардың қабылдануын құптады.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсынымдары бар Қазақстанның әмбебап мерзімді шолу (ӘМШ) жұмыс тобының есебін Адам құқықтары жөніндегі кеңес 2025 жылғы маусымда өтетін 59-шы сессиясында бекітеді.
