
ЕҰУ проректоры Microsoft корпорациясының халықаралық конференциясында цифрлық әріптестік тәжірибесі туралы айтты









Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) цифрландыру жөніндегі проректоры Гүлмира Бекманова Microsoft компаниясы ұйымдастырған "Жасанды интеллекттің (ЖИ) жоғары білімге әсері" халықаралық цифрлық онлайн-конференциясында негізгі спикерлердің бірі болды. Өз сөзінде ол ЕҰУ мен Microsoft корпорациясының цифрлық білім беруді трансформациялау саласындағы ынтымақтастығының табысты тәжірибесін ұсынды және әлемнің жетекші сарапшыларының назарын аударды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру және технологиялар саласындағы мамандарды біріктірген конференцияда проректор ЕҰУ Microsoft шешімдерінің ірі тұтынушысы бола отырып, цифрландыру мақсаттарына жету үшін компаниямен стратегиялық серіктестік құратыны туралы айтты. Ол Microsoft корпорациясының цифрлық құралдарын, соның ішінде Microsoft 365 және Teams платформаларын пайдалану университетке ПОҚ мен қызметкерлердің оқу, зерттеу және цифрлық дағдыларын арттыру процестерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, проректор оқытушыларға цифрлық технологияларды қолдану бойынша тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарын өткізу тәжірибесімен, сондай-ақ неғұрлым жекелендірілген және тиімді білім беру ортасын құру үшін жасанды интеллектті енгізу жоспарларымен бөлісті.
«Біз Microsoft – пен серіктестігіміз бізге озық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, білім беру тәсілдерін қайта қарастыруға ықпал етеді деп санаймыз», - деді Г.Бекманова.
Microsoft өкілдері ЕҰУ-дың инновациялық білім беру технологияларын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Microsoft білім беруді дамыту жөніндегі басшысы Данияр Жұмабеков ЕҰУ-ға компаниямен тығыз ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, біздің университет Қазақстан Республикасындағы ең ірі серіктес ЖОО болып табылатынын атап өтті. ЕҰУ проректорының осы маңызды цифрлық конференцияға қатысуы әріптестік қатынастарды нығайту және университеттің тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы тағы бір қадам болды.
