
ЕҰУ-да белгілі журналист Әлия Әшіммен кездесу өтті







Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, деректі фильмдердің авторы, ЕҰУ түлегі Әлия Әшіммен кездесу өтті.
Кездесу барысында Әлия Әшім студенттермен және мектеп оқушыларымен студенттік жылдардағы естеліктерімен бөлісті, тарихи деректі фильмдерді түсіруге қалай келгені туралы айтып, жиналғандардың сұрақтарына жауап бере отырып, бірнеше өмірлік ақыл-кеңестерін айтты.
Студенттік шағы туралы сұраққа жауап берген журналист өзінің дамуға, білімге, өмірлік құндылықтарды бойына сіңіруге ұмтылғанын еске алды.
«Бұл мәселеде маған ЕҰУ көп көмектесті. «Мен өмірімнің 6 жылын осында өткіздім», - деп еске алды Еуразия ұлттық университетінің түлегі.
Деректі фильмдердің авторы залмен фильмдерді көру үшін емес, өз сұрақтарына жауап табу үшін не істейтіні туралы ағынан ақтарылды.
«Тарих – бұл өткенді түсіну арқылы бүгініңді сезіне білу. Ел болып бүгінімізді сезініп, өткенімізді білу арқылы ғана біз болашаққа бастар жолды айқындай аламыз», - деп бөлісті бойжеткен.
Сондай-ақ Әлия Әшім бәріне қалай үлгеретіні жайлы да айтып берді.
«Адам энергиясы оның армандары мен мақсаттарынан тұрады. Егер қозғалыс болмаса, онда энергия да жоқ. Қозғалыс қозғалысты тудырады. Сондықтан, адамның арманы мен мақсаттары неғұрлым жоғары болса, ол бәрін қалай жасау керектігі туралы соғұрлым аз ойлайды», - дейді журналист.
Кездесу соңында ЕҰУ студенттері қонаққа алғыстарын білдіріп, кездесуді еске алу үшін кәдесыйлар табыс етті.
