
ЕҰУ мен Shenyang Talent Innovation Federation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Еуразия ұлттық университеті мен Shenyang Talent Innovation Federation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім аясында тараптар ғылым мен техника салаларындағы инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеуді, сондай-ақ академиялық алмасу арқылы заманауи жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етуді жоспарлап отыр.
Құжатқа басқарма төрағасы - ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Shenyang Talent Innovation Federation ректоры Гуан Шифен қол қойды.
Кездесу барысында Ерлан Сыдықов Еуразия ұлттық университетінің 2022 жылы зерттеу университеті мәртебесін алғанын айтты. ЕҰУ ректоры университет өзінің негізгі бағытын инновациялар мен жаңа технологияларды дамытуға бағыттағанын атап өтті. Спикер жаңа ынтымақтастық орнатудың арқасында университеттер жаңа экономикалық модель үшін кәсіби кадрлар дайындайтынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Гуан Шифен Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастықты белсенді дамытуға қызығушылық танытып, университеттің жоғары тиімді әріптестік үшін әлеуеті мен мүмкіндіктері мол екенін айтты.
