
«Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
КӨЛІК – ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Көлік- энергетика факультеті Сізді 2025 жылдың 13 наурызында online және offline режимде өтетін «Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция барысында шетел ұйым басшылары, ғылыми жоба жетекшілері мен ғалымдар қатысуымен көлік, көлік техникасы, көлікті пайдалану, стандарттау, сертификаттау, метрология, энергетика, энергияның тиімді технологиялары мәселелерін талқылауда online (Microsoft Teams: https://clck.ru/33RCvT) режимде Пленарлық отырыс өтеді.
Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:
|
№ п/п |
Секция атауы |
Жауапты тұлға |
Электрондық пошта, байланыс телефоны |
|
1 |
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру. Логистика |
Султанов Т.Т. - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент |
kafedra_opdiet@enu.kz 709-500 (ішкі 33-140) |
|
2 |
Көлік, көлік техникасы және технологиялары |
Тогизбаева Б.Б. - «Көлік инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор |
kafedra_tttit@enu.kz 709-500 (ішкі 33-416) |
|
3 |
Стандарттау, метрология және сертификаттау |
Байхожаева Б.У. - «Стандарттау және сертификаттау», кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор |
kafedra_sis@enu.kz 709-500 (ішкі 33-105) |
|
4 |
Өнеркәсіптегі энергияны үнемдеу |
Садыкова С.Б. - «Жылуэнергетика» |
kafedra_te@enu.kz 709-500 (ішкі 33-125) |
|
|
және энергияның тиімді технологиялары |
кафедрасының меңгерушісі, PhD |
|
|
5 |
Электр энергетиканың қазіргі жағдайдағы мәселелері мен дамуы |
Жакишев Б.А. - «Электр энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент |
kafedra_elektroenergetik a@enu.kz 709-500 (ішкі 33-109) |
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу талаптары:
Баяндама материалдары автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижелері туралы нақты түсінік беруі керек.
Бір адам үш реттен артық автор немесе қосымша автор бола алмайды.
Мәтін Word 97-2003 редакторында Times New Roman шрифтімен, №12 кегль өлшемімен, бірлік жол аралық интервалмен, бет енімен теңестіріліп терілуі тиіс. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторымен орындалуы керек. Кестелер, сұлбалар мен суреттер аталуы және нөмірленуі тиіс. Бет параметрлері: барлық бет шеттері – 20 мм. Материал көлемі 3-5 бет.
Рәсімдеу үлгісі
Дереккөздерге ескерту мен сілтемелер жүгіну ретіне қарай нөмірленеді.
Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан сауатты өңделуі керек.
Қатысу шарттары:
Конференцияға қатысу үшін жақын-алыс шет елдерден студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, зерттеушілер шақырылады.
Конференцияға қатысуға ниет білдіргендер тиісті секцияның электрондық поштаcына 2025 жылдың 1 наурызына дейін келесі құжаттарды жіберу керек:
- талаптарға сәйкес баяндама мәтіні.
- конференцияға қатысу үшін өтініш (заявка).
Жоғарыда келтірілген талаптардың біруі орындалмаған жағдайда материалдар баспаға қабылданбайды.
Қатысу тегін. Конференция материалдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сайтында - https://fte.enu.kz/kz жарияланады. Конференция соңында ISBN электрондық тағайындау коллекция басып шығару жоспарланған.
Конференцияға қатысу үшін өтініш (заявка)
- Баяндаушының Т.А.Ә. (толық)
- Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі
- Баяндама атауы
- Секция
- ЖОО, мекеме
- Мекен-жайы, байланыс телефоны, e-mail
- Ниет білдірілген қатысу түрі:
Пленарлық отырыста online режиміндегі ауызша баяндама. Секциялық отырыста offline режиміндегі ауызша баяндама.
Көрсетілген мерзімнен кейін ұйымдастыру комитетіне келіп түскен өтініштер қаралмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды таңдау мүмкіндігіне ие. Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып есептеледі. Конференция материалдары тікелей көшіру әдісімен жинақталады. Сондықтан, материалдарды жоғарыда көрсетілген талаптарға сай орындалып жіберу қажеттілігін ескертеміз.
Жіберілген материалдар редакция алқасының сараптама қорытындысымен жинаққа қосылады. Сараптамадан өтпеген материалдар қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитеті мекен-жайы:
010008, Астана, Қажымұқан к-сі 13.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Көлік-энергетика факультеті, №3 оқу корпусы, 135 кабинет.
Тел.: 8(7172)709-500 (ішкі 33-121, 33-122).
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
