
Ерлік сабағы: Ауған соғысының ардагерлері Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесті







Бүгін, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін «Ауғанстан жылдар өтсе де естен кетпейді» атты ерлік сабағы өтті. Жастар сол кезеңнің оқиғалары туралы: Кеңес әскерінің Ауғанстанға қалай кіргені, оның шығарылу барысы және өздерінің интернационалдық борышын абыроймен орындаған жерлестері жайлы білді.
Кездесу барысында студенттер соғысты өз көзімен көрген ардагерлерден шайқастар, әскери антқа адалдық, жауынгерлік абырой мен ерлік туралы тыңдады. Ардагерлер әскери қызметтің ауыртпалықтары, күнделікті әскери өмір және бастан өткерген қиындықтары жөнінде өз естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар ұрыстар кезіндегі сезімдері мен соғыстың өз өмірлеріне қалай әсер еткені туралы әңгімеледі.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толады. Бұл күн тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды. 1979-1989 жылдар аралығында болған Ауған соғысы көптеген қазақстандықтар үшін ауыр сынаққа айналды. Сол қиын жағдайларда шыдамдылық пен батылдық танытып, Отанға деген адалдық пен жауынгерлік бауырластықтың арқасында олар бұл сынақтан өтті.
Кездесудің маңызды бөлігі – бір минуттық үнсіздік болды, онда барлық қатысушылар қаза тапқан жауынгерлер мен өмірден өткен ардагерлерді еске алды.
Ерлік сабағы аяқталды, бірақ оның мәні жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген ұлы сөзін еске салады.
студент: Асхат Кустбусинов
