
"Туған жер – алтын бесігім" тақырыбындағы дөңгелек үстел

2025 жылғы 14-ші ақпанында Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары – PhD, қауым.проф. м.а. Шахпутова З.Х., п.ғ.м. Нұрдыбаева А.К. және э.ғ.м. Отызбаева К.Ж. "Математика"-101,103,105 және "Электроэнергетика"-12 тобтарының студенттерімен "Туған жер – алтын бесігім" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 курс студенттеріне арналған іс-шара қазақ және ағылшын тілдерінде өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттердің туған жерге деген терең патриоттық сезімін, оның мәдениеті мен тарихының маңыздылығын түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті дамыту және жастардың ұлттық мұраны сақтау мен дамытуға белсенді қатысуын ынталандыру. Іс-шараның мақсаты – өз елін сүйіп қана қоймай, оны дамытуға үлес қосуға қабілетті, білімді, бастамашыл және қоғамның дамуына ұмтылатын тұлғаны тәрбиелеу.
Аталмыш іс-шара негізгі үш кезеңнен тұрды.
Бірінші бөлім – «Туған жер – қасиетті мекен», онда студенттер өз туған өлкесінің бірегей көрікті жерлері мен әсем табиғаты туралы қызықты презентациялар ұсынды. Екінші бөлім – «Алтын бесік», бұл кезеңде студенттер өз туған жерінің тарихымен бөлісіп, оның атауының шығу тарихы туралы баяндады. Кейінгі пікірталас барысында қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншілікті қалай білдіруге болатынын және оның дамуына жастар қандай үлес қоса алатынын талқылады. Олар өз ойларымен бөлісіп, жаңа идеялар ұсынып, ең тиімді шешімдерді бірлесе іздеді. Үшінші бөлім – «Туған елді танып біл», ең қызықты әрі тартымды кезең болды. Студенттер мен оқытушылар интеллектуалдық викторинаға қатысып, өз білімдерін сынап, жаңа қызықты деректермен танысты. Шара соңында қатысушылар мен қонақтар өзара пікір алмасып, қорытынды жасады. Мероприятие жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
