
“I Халықаралық қашықтықтан оқыту мектебінің ашылуы: Орталық Азиядағы ЕО-ның жұмсақ күші”
SMART.ENU
24.03.2024 13





2024 жылдың 25 наурызында «EUROSOFT Жан Монне шеберлік орталығы» жобасы аясында «Орталық Азияда ЕО жұмсақ күшін енгізу: жетістіктер, мәселелер және перспективалар» 1-ші халықаралық қашықтан мектебінің ашылуы өтті.
Іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті. Қашықтықтан мектептің ашылуына жоба жетекшісі Ж.М.Медеубаева, Қашықтықтан оқыту мектебінің жетекшісі Г.Ж.Кенжалина, сонымен қатар жоба тобының мүшелері мен мектеп тренерлері Р.М.Таштемханова және Жанбулатова Р.С. қатысты.
Шара барысында Мектептің идеясы, мақсаттары мен міндеттері түсіндіріліп, moodle жүйесінде қалай жұмыс істеу керектігі туралы нұсқаулар беріліп, бағалау және сертификат алу талаптары мен критерийлері айтылды. Сондай-ақ сұрақ-жауап отырысы өтті.
Жалпы, Мектептің ашылуы достық, қолайлы атмосферада, авторлардың да, қатысушылардың да жағымды көзқарасымен өтті.
Жоба командасының мүшелері қызықты пікірталас пен жылы лебіздері үшін қосылған барлық қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!
Бөлісу:
