
“ЕО жұмсақ күшінің құндылықтары мен жауапкершілігі: Халықаралық жазғы мектеп контекстінде”









2024 жылдың 20 және 21 маусымында, Jean Monnet «EUROSOFT» шеберлік орталығы жобасы аясындағы Халықаралық жазғы мектеп барысында, Дрезден Техникалық Университетінің Орталық және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының профессорлары Хольгер Куссе мен Марианна Шульц өз лекцияларын өткізді.
Марианна Шульцтың лекциясы TU Dresden университетінің мәдениеті, оның ішкі бекітілуі және құндылықтарды трансферлеу мәселелеріне арнады. Сондай-ақ, өз лекциясында ол Ресей-Тәжік университетінде (Душанбе, Тәжікстан) ортақ білім беру бағдарламасы «Мәдениет және Медиа» аясында құндылықтарды трансферлеу жағдайын талқылады.
Профессор Хольгер Куссе өз лекциясында Вацлав Гавельдің жауапкершілік концептіне назар аударды; талқылау барысында жауапкершілік концепті Еуропалық Одақтың «жұмсақ күші» құрамдас маңызды құндылықтардың бірі ретінде анықталды.
