
“Қазақстандағы Эразмус+ ақпарат күні: үздік тәжірибелер мен мүмкіндіктер”
SMART.ENU
20.12.2024 8







Жоба жетекшісі Медеубаева Ж.М. Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпарат күніне қатысты. Ақпарат күнін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі European Union in Kazakhstan, Білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық Атқарушы Агенттігі және NEO KZ 2023 - National Erasmus+ Office in Kazakhstan Қазақстандағы Ұлттық Эразмус+ кеңсесі ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар 2025 ж. байқауының инновацияларымен таныстырылды, тәжірибе және білім алмасты, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатылды/нығайтылды.
Медеубаева Ж.М. «Jean Monnet Center of Excellence EUROSOFT: қолдану және енгізу тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Жанар Мұратбекқызы Эразмус+ бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу және жобаларды жүзеге асыру бойынша өз тәжірибесінен алынған кеңестер мен мысалдармен бөлісті.
Іс-шара қатысушыларға Эразмус+ бағдарламасының үздік тәжірибелері мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
