
Онлайн оқыту департаменті Coursera үшін ЕҰУ ЖАОК құру мәселесі бойынша ПОҚ үшін семинар өткізді
Семинар Coursera халықаралық білім беру платформасында орналастыру үшін жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) әзірлеу саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Семинардың мақсаты-халықаралық платформаға енгізу үшін бейнематериалдарға қойылатын талаптарды түсіндіру.
Қатысушылар университеттің әлемдегі танымалдылығын арттыру және шетелдік білім алушыларды тарту үшін Coursera сияқты халықаралық білім беру платформаларына ЕҰУ-дың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Семинарда ғаламдық аудитория үшін әлеуеті бар және университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін пәндер оқытушыларына ерекше назар аударылды. Онлайн курстарды құру тек курсты әзірлеуші мұғалімнің ғана емес, сонымен қатар кәсіби түсірілім, операторлық және режиссерлік жұмыстар, монтаждау және дыбыс, дизайнер мен әдіскердің сүйемелдеуін қамтитын онлайн оқыту департаментінің бүкіл командасының қажырлы еңбегі болып табылады.
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлназ Сағынадинқызы Coursera үшін практикалық курс құру тәжірибесімен бөлісті. Ол қатысушылардың онлайн курстарды жазудың техникалық және ұйымдастырушылық аспектілеріне қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді. Талқылаудан кейін семинарға қатысушылар университет студиясына барып, ЖАОК жазу үдерісімен танысты.
«Бұл семинар Coursera платформасында ЕҰУ-дан сапалы ЖАОК санын арттыруға, онлайн – білім беру саласындағы ПОҚ біліктілігін арттыруға және университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті онлайн оқыту департаментінің директоры және семинар модераторы Лейля Сабитова.
