
ЕҰУ-да «Жасанды интеллект және этика: тұрақты болашақ» тақырыбында воркшоп өтті
















Еуразия ұлттық университетінде «Жасанды интеллект және этика: тұрақты болашақ» тақырыбында воркшоп өтті. Воркшопты ЕҰУ мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, «Қазақтелеком» АҚ, Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті, Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының өкілдері, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының IT-сарапшылары мен жасанды интеллект саласындағы басқа да мамандар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект экожүйесі, генеративті жасанды интеллекттің өткені, бүгіні және болашағы, синтетикалық деректерді генерациялау, технологиялық даму жағдайында биометриялық деректерді қорғаудың құқықтық аспектілері туралы сұрақтар қойды.
«Қазақтелеком» АҚ цифрлық бизнес басқармасының бас директоры Абылайхан Оспанов Қазақстан жасанды интеллектті бөлек дамыту бағытын қолға алғанын атап өтті.
«Бүгінде ЖИ туралы заң жобасы әзірленуде. Бұл ретте ҚР Президенті жанындағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
ЖИ саласындағы бірінші мәселе - инфрақұрылым. Бүгінгі таңда қазақстандық телекоммуникация компаниялары Қазақстанда өзінің жасанды интеллектін енгізу үшін қажетті құрылымның болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасауда», - деп атап өтті спикер. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, қаржы салаларында ЖИ енгізу тақырыбын да қозғады.
Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Дархан Мырзабаев жасанды интеллект экожүйесі туралы айтып берді.
«Біздің министрлік ЖИ-ді дамытуды 3 бағытта анықтады. Бұл институционалдық ортаны, инфрақұрылымды және адами капиталды дамыту.
Бүгінгі таңда инфрақұрылым бөлігінде белгілі бір әзірлемелер бар. ҚР аумағында да, елден тыс жерлерде де қуаттар бар. ҚР аумағындағы қуаттарды біз сезімтал деректерді пайдалана отырып, модельдерді жаттықтыру үшін пайдаланамыз.
Бізде белгілі бір KPI бар – 5 жыл ішінде ЖИ саласында 1 миллион адамды оқыту. Біз білікті кадрларды тек жасанды интеллект шешімдерін жасау үшін ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектті пайдалану үшін де оқытуды жоспарлап отырмыз. 1 миллион адам халықтың әртүрлі санаттарын қамтиды: оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер және т.б.», - деді спикер.
Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының атқарушы директоры Ербол Әбсалямов ISSAI-да генеративті жасанды интеллекттің өткені (KAZ-LLM), бүгіні (Oylan тілдік көзқарасының моделі) және болашағы (Сирек тілдің мультимодальды үлгісі) тақырыптарында баяндама жасады.
Шара аясында ЕҰУ мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі арасында білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры міндетін атқарушы Күлшат Медеуова цифрлық трансформация жағдайында қазақстандық қоғамның дамуы туралы пікірімен бөлісті.
Воркшоп қорытындысы бойынша пікірталас өтті.
