
Күміс университетінің тыңдаушылары «Құқықтық мәдениет негіздері» курсын тыңдады

Үздіксіз білім беру институты заң факультетімен бірлесіп «Құқықтық мәдениет негіздері» курсын өткізді
Курс бағдарламасы тыңдаушылардың мүдделерін ескере отырып құрастырылды. Алдын ала ашылған чат арқылы курс тыңдаушылары талқылау тақырыптарын ұсына алады.
Дәріскер Индира Сақтағанова азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берді. Оқу барысында тыңдаушылар мұрагерлік құқықтың құқықтық аспектілерін зерделеді, тұрғын үй және мүліктік құқық, медициналық құқық және міндетті медициналық сақтандыру мәселелерін қарастырды, әкімшілік құқықтың және мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл бойынша білім алды.
Сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер, дербес деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Тыңдаушылар курсты ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.
Жаннат Кенжеғалиеваның пікірінше, алынған білім тәжірибеде қолданылады. Орынжан Әбдіреймова ақпараттың қолжетімді және түсінікті түрде ұсынылғанын атап өтті.
Валентина Измайлова тақырыптардың өзекті екенін, сондықтан болашақта құқықтық мәселелер бойынша курстар ұйымдастырған кезде сағат санын көбейткен жөн екенін атап өтті.
Курстарды одан әрі ұйымдастыру бойынша тыңдаушылардың ұсыныстары мен пікірлері назарға алынды.
