
ЕҰУ студенттері өз мамандықтары бойынша елорданың кәсіпорындары мен ұйымдарында тәжірибелік тәжірибе жинақтады













Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенттері 13 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өндірістік практикадан өтті. Бұл кезеңде студенттер өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, теориялық білімдерін нақты жұмыс жағдайында бекіту мүмкіндігіне ие болды.
Практика барысында студенттер түрлі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын шыңдады. Олардың қызметі таңдалған сала ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, тәжірибелік жұмыстар мен кәсіби міндеттерді орындауға бағытталды.
2024 жылдың 11 ақпаны мен 14 ақпаны аралығында университеттің Карьера және бизнес әріптестік бөлімінің мамандары 2024-2025 оқу жылының практика бойынша тексеру кестесіне сәйкес өндірістік практиканың өту барысын қадағалады. Бұл іс-шара студенттердің кәсіби тәжірибесін бағалау, олардың алған білімдерін тәжірибеде қалай қолданатынын талдау және практика орындарының сәйкестігін тексеру мақсатында ұйымдастырылды.
Практика әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындарда өтті. Студенттер білім беру ұйымдары, мемлекеттік және жекеменшік компаниялар, өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істеді. Тексеру барысында мамандар студенттердің практика бағдарламасына сәйкес жұмыс атқаруын, олардың кәсіби дағдыларын дамыту деңгейін және жұмыс берушілердің кері байланысын зерттеді.
Тексеру нәтижелері студенттердің басым көпшілігі өндірістік практика барысында белсенділік танытып, өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындап жатқанын көрсетті. Жұмыс берушілер тарапынан студенттердің жауапкершілігі мен ынтасы жоғары бағаланып, олардың кәсіби дайындығының жақсы деңгейде екені аталып өтті. Сонымен қатар, кейбір практика базаларында студенттерге арналған қосымша тәжірибелік тапсырмалар мен жобалар ұсынылып, олардың дағдыларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасалды.
Карьера және бизнес әріптестік бөлімі өндірістік практика барысында анықталған оң және теріс факторларды ескере отырып, болашақта студенттердің тәжірибесін жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр. Университет басшылығы студенттердің кәсіби дамуына жағдай жасау және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өндірістік практика сапасын одан әрі жақсартуды көздейді.
Бұл тексеру нәтижелері университеттің білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сай бейімдеу қажеттігін тағы да растады. Студенттерге өндірістік тәжірибе арқылы алған білімдерін нығайтып, кәсіби дағдыларын дамытуға толық мүмкіндік беру – университеттің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.
Өндірістік практика студенттер үшін болашақ кәсіби қызметіне қажетті тәжірибе жинақтаудың маңызды кезеңі болып табылады. Университет басшылығы мен оқытушылар құрамы студенттердің практикадан сәтті өтуіне жағдай жасап, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуына ықпал етуде.
Бұл тәжірибе студенттердің болашақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтіп, кәсіби дамуына үлкен серпін береді.
2024-2025 оқу жылының практика бойынша тексеру кестесі
|
№ |
Факультет |
БББ |
Студент саны |
Практика өткізілетін орны |
Күні,уақыты |
|
1 |
ФТҒИ |
6B05304 - Физика |
62 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Теориялық физиканың Еуразиялық халықаралық орталығы |
11.02.2025ж. 11.00 |
|
2 |
ФТҒИ |
6B07146 - Ғарыштық техника және технологиялар |
14 студент |
Аэроғарыштық және арнайы инжиниринг ЖШС, Астана қ. |
11.02.2025 ж. 10.00 |
|
3 |
ФТҒИ |
6B07146 - Ғарыштық техника және технологиялар |
21 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Кіші ғарыштық аппараттар зертханасы |
11.02.2025 ж. 10.30 |
|
4 |
АТФ |
6B07102 - Автоматтандыру және басқару
|
2 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Пневматикалық автоматика элементтері мен құрылғыларын зерттеу зертханасы |
11.02.2025 ж. 12.00 |
|
5 |
АТФ |
6B07102 - Автоматтандыру және басқару |
2 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Үздіксіз технологиялық процестерді басқарудың біріктірілген автоматтандырылған жүйесінің зертханасы |
11 .02.2025 ж. 12.00 |
|
6 |
СҚФ |
6B02121 - Сәулеттік дизайн |
23 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Дизайн және инженерлік графика кафедрасы |
11.02.2025ж. 14.00 |
|
7 |
СҚФ |
6B07320 - Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті |
80 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Отырар кітапханасы - ғылыми орталығы |
11.02.2025ж. 15.00 |
|
8 |
СҚФ |
6B07321 - Энергия тиімді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау |
45 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Отырар кітапханасы - ғылыми орталығы |
11.02.2025ж. 15.00 |
|
9 |
КЭФ |
6B07113 Көлік, көлік техникасы және технологиялары |
10 студент |
Toyota Tsusho Kazakhstan Auto |
12.02.2025 |
|
10 |
КЭФ |
6B07532 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) |
12 студент |
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, |
12.02.2025 |
|
11 |
ЖжӘҒФ |
6B03204 Журналистика
|
7 студент |
Агентство "Хабар" |
13.02.2025 |
|
12 |
ЖжӘҒФ |
6B11405 Әлеуметтік жұмыс |
24 студент |
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, "Қолданбалы әлеуметтік зерттеулер" оқу лаборатория |
13.02.2025 |
|
13 |
ЖҒФ |
6B05208 Экология және табиғатты пайдалану |
10 студент |
Қазгидромет |
14.02.2025 |
|
14 |
ЖжӘҒФ |
6B02201 - Философия |
9 студент |
ММ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Астана қ. |
14.02.2025 |
