
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі студенттерге түркологияның дамуы туралы айтып берді
Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, тарих ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Дархан Қыдырәлі "ХХІ ғасырдағы қазақ түркологиясының дамуы" тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу ЖОО студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен өтті.
Ғалым Қазақстандағы түркологияның даму кезеңдері туралы айтып берді.
"Түркология – Ұлы Жібек Жолынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі мемлекеттерінің тарихы, экономикасы, олардың тұрмысы, мемлекеттік сәулеті, өмір салты", - деп атап өтті дәріскер.
Дархан Қыдырәлі бұл ғылымға Ілияс Есенберлиннің еңбектерін, Қойшығара Салғараұлының "Алтын таңба" кітабын оқудан бастап, түркі халықтары туралы энциклопедиялардағы материалдардан бастап қызығушылық таныта бастағанын айтты.
"Мен қазір бұрынғыдай кітап оқи алмаймын. Мен кітаптардың негізгі бөлігін университетте оқыдым. Негізгі іргетас сол жылдары қалыптасты.
Әр түрлі тұлғалармен мұндай кездесулер сізді біліммен байыта алады. Өйткені, 10 кітап оқыған адам мұндай кездесулерде олар туралы 10 минут ішінде айта алады", - деді депутат.
Белгілі түркітанушы болашақ жоспарларымен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
