
Менеджмент кафедрасының 4 курс білім алушыларының тәжірибесінің қорытынды есебі

«Менеджмент» кафедрасының 6В04103 – «Меммлекеттік және жергілікті басқару» және 6В04101 – «Менеджмент» БББ мамандығының 4 курс студентттері 2025 жылдың 13 қаңтары мен 2025 жылдың 22 ақпан аралығында өндірістік практикаға жіберіліп, практикадан өтті. Өндірістік практика аяқталған соң, әрбір жетекші кафедрада құрылған комиссиямен бірлесе отырып, практика есебін қабылдап, комиссиямен келісіліп қойылған бағаларды ААЖ Платонусқа енгізді. 4 курс білім алушыларының өндірістік практика есебін онлайн, оффлайн түрінде есептері қорғалды. Білім алушылар аймақтарда дипломалды практика өтуіне байланысты, өндірістік практика есебінің қорғау MS Teams платформасы арқылы онлайн қабылданды.
2024-2025 оқу жылының академиялық күнтізбесіне және оқу жоспарына сәйкес, 6В04101 - «Менеджмент» және 6В04103 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушылары 2025 жылдың 03 наурыз -12 сәуір күндері аралығында дипломалдындағы практикасынан оқу жоспарына сәйкес өтеді. Сонымен қатар, «Менеджмент» кафедрасының практика жұмысына жауапты Г.С. Жансейтова, Е.М. Әбенов ұйымдастыруымен 6В04101-«Менеджмент» және 6В04103- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 4-курс білім алушыларына дипломалды практикадан өту кезіндегі тапсырма, жоспар, техникалық қауіпсіздік ережелерін таныстырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық білім алушыларға практикалық оқыту бағдарламасы, күнделік, құжаттарды жинақтау, толтыру бойынша нұсқаулар берілді.
