
Қырғызстандағы ЕҰУ филиалында интеллектуалдық тіл сайысы өтті







Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ош мемлекеттік университетіндегі филиалында мәдениетаралық байланысты дамытып, жастардың көп тіл игеруіне ықпал етіп, тілдік орта қалыптастыру мақсатында «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» атты интеллектуалдық тіл конкурсы өткізілді.
Оған қос диплом бағдарламасының 1 курс студенттері қатысып, «Парасат» – қазақ тілі, «Тил казынасы» – қырғыз тілі, «Навоий авлодлари» – өзбек тілі, «Золотое перо» – орыс тілі, «Talk Titans» – ағылшын тілі, «Gedankenmagie» – неміс тілдерінен командалар құрылып, конкурс «Сәлем – сөздің анасы», «Поэзия әлемінде», «Тіл үйрену – өнер» «Ұлттық код, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан көрініс» және «Ойлан, тап» атты 5 кезеңнен тұрды.
Ерекше дайындықпен және шығармашылық ізденіспен келген конкурс нәтижесі бойынша I орынды – «Навоий авлодлари» өзбек тілі тобы, II орындарды «Парасат» – қазақ тілі мен «Золотое перо» орыс тілі топтары, ІІІ орындарды «Тил казынасы» – қырғыз тілі, «Talk Titans» – ағылшын тілі, «Gedankenmagie» – неміс тілі топтары иеленіп, сондай-ақ атаулы номинациялар да тағайындалды: «Үздік поэзия» – «Навоий авлодлари» тобы, «Ұлттық киім» – «Золотое перо» тобы, «Үздік эпизод» – «Тил казынасы» тобы, «Мықты креативті команда» – «Talk Titans» тобы.
Тілдердің бірлігі мен мәдениетін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты сақтаудағы тіл конкурсын филиал директоры Айнұр Найманбай қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдіріп, көктем мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта да үздік болып, көп тіл игеруге шақырды.
