
Дүниежүзілік су ресурстары күні

22 наурыз - Дүниежүзілік су ресурстары күні. Бұл күн 1993 жылдан бастап жыл сайын БҰҰ конференциясының ұсынысына сәйкес атап өтіледі.
6В05210-Гидрология білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері "World Water Day"іс-шарасын өткізу арқылы өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге өз үлестерін қосты. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің "Физикалық және экономикалық география" кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Студенттер қатысушылардың назарына студенттік өмірі, жетістіктері, су ресурстары саласындағы жаңалықтар туралы презентация мен бейнеролик ұсынды, сондай-ақ гидрологияны білуге арналған викторина өткізді. Іс-шара соңында студенттер оқытушыларға еңбектері мен студенттерге берген білімдері үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ халықаралық су ресурстары күні қарсаңында "Қазсушар" РМК, Есіл бассейндік инспекциясы, Қ.И. Сәтбаев атындағы канал филиалына алғыс хаттар жолданды.
