
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ











2025 жылдың 18 наурызында факультеттің Педагогикалық шеберлік мектебі аясында 6В051 – Биология және сабақтас ғылымдар, 053-Химия, 6В05208 – Экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламалары мамандықтарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін әдістемелік семинар өтті.
Факультеттің оқу-әдістемелік кешенінің төрайымы Ж.Е.Джакупова факультеттің білім беру бағдарламалары үшін жаратылыстану-ғылыми білім берудің ерекшеліктері мен заманауи әдістемелік оқыту әдістерімен таныстырды.
Аға оқытушы Сембаева Ж.П., 2 курс магистранты М.М. Қалдыбай «Биология сабағында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында оқыту нәтижелеріне қол жеткізуде Corinth, Innerbody, Interactive Anatomy, Quiver, Flow-Biologia, Humanoid AR+, Insight Heart, Neuron және т.б электрондық ресурстарды пайдалануға және тұлғаға бағытталған оқыту әдісінің ерекшеліктеріне: икемділік, модульдік, қолжетімділік, үнемділік, технологияға ерекше назар аударылды.
Биотехнология және микробиология кафедрасының аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты Сағындықов У.З. Рединг университетінде (Англия) «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша «Шетелдік оқытушылардың оқу үдерісіндегі озық тәжірибесі» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды. Оқытудағы инклюзивті тәсілдің технологиясы мен әдістемесіне және YouTube сайтында кең аудиторияға ғылыми мақалалар, жобалық талдаулар және материалдар түріндегі өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну арқылы мамандарды даярлау деңгейін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
Баяндамалар жаңа әдістемелік принциптерді, білім алудағы инновациялық технологиялардың рөлін және жаратылыстану пәндерін оқытудың болашағын көрсетіп, көпшіліктің кәсіби қызығушылығын тудырды.
