
«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл». 2025 жылдың 6 наурыз күні

Бейбітшілік пен келісім — көпұлтты Қазақстанның басты құндылықтарының бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы — әр түрлі дәстүрлер мен мәдениеттерді біріктіріп қана қоймай, оны бүкіл елге жете отырып дамытатын ең қуатты организм. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында күрделі сынақтарды еңсерді.
2025 жылдың 6 наурыз күні ЕҰУ-нің экономикалық факультетінің «Есеп және аудит» БББ бойынша 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ««Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өтті.
Кураторлық сағатқа «Есеп және талдау» кафедрасының меңгерушісі Аманова Г.Д., кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, экономикалық факультетте және кафедрада кәсіби бағдар жұмысы бойынша жауапты оқытушылары: Қорабаев Б.С. пен Уразбаева З.О., топ студенттері және шақырылған қонақтар: GeOnline онлайн білім беру орталығының өкілдері мен GeOCamp - Түркия жобасы бойынша сәтті өтіп ең үздік атанған 10 оқушы қатысты:
Байдаева Анеля | ҰБТ 139 ұпай
Серікова Ақнұр | ҰБТ 137 ұпай
Аянат Несіпберген | ҰБТ 137 ұпай
Қуанышбайұлы Әділжан | ҰБТ 134 ұпай
Жақай Мухаммедали | 134 ұпай
Ибраева Даяна | 133 ұпай
Нұрай Альмахан | 128 ұпай
Тоқтаболат Тоғжан | 137 ұпай
Боқатов Әли | 135 ұпай
Токенаева Аружан | 133 ұпай.
Кураторлық сағатта білім алушылар ««Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»» тақырыбында дайындаған презентация бойынша баяндама жасап, «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты видероликті тамашауға ұсынды, содан соң өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кафедраның меңгерушісі, кәсіби бағдар жұмыстары бойынша жауапты оқытушылар мен ЕҰУ студенттері қонақтарымызды университетіміздің үлкен жетістіктерімен таныстырып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар Университет тынысын көріп, оқуға деген құлшыныстарын көрсетіп, пікір алмасты.
Соңында ВО45-4104-21-01 тобының студенттері қонақтарымызға Алғыс айту күнімен құттықтауды бес тілде жолдады: қазақ, орыс, ағылшын, түрік және өзбек тілдерінде құттықтау жолдады.
Кураторлық сағаттың ұйымдастырушылары: ВО45-4104-21-01 топ студенттері мен кураторы Садуакасова К.Ж. мен Қорабаев Б.С.
