
Профессор Оспанов Х.К. атындағы «Физхимик-2025» халықаралық пәндік олимпиадасы

2025 жылдың 12-13 наурызы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технологии факультетінде көрнекті ғалым, профессор Хабибулла Құсайынұлы Оспановтың құрметіне арналған «Физхимик-2025» халықаралық олимпиадасы өтті.
Хабибулла Құсайынұлы Оспанов (1932–2022) – минералдық шикізатты селективті еріту саласындағы термодинамикалық және кинетикалық процестерді зерттеуге өмірін арнаған көрнекті ғалым. Ол қазақ тілиндегі алғашқы физикалық химия оқулығының авторы, «Платиналы Тарлан» сылығының лауреаты және төрт дүниежүзілік жаңалықтың иегері. 2011 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды. Оның басшылығымен Қазақстанда химия ғылымының дамуына үлес қосқан ондаған ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды.
Олимпиада әртүрлі елдердің талантты студенттерін біріктіріп, оларға физикалық саласындағы білімдері мен зерттеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Олимпиада тапсырмалары негізінен химиялық термодинамика мен кинетика тақырыптары бойынша берілді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
1. Бірінші кезең – 30 сұрақтан тұратын тест. Максималды ұпай – 30, орындалу уақыты 30 минут.
2. Екінші кезең – үш күрделі химиялық есептен тұратын есептеу тапсырмалары. Максималды ұпай – 70, орындалу уақыты – 180 минут
Форматы – онлайн және офлайн, бұл кең ауқымды қатысушыларды тартуға мүмкіндік берді
Олимпиаданың ұйымдастыру комитета әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары кірді. Қазылар алқасының құрамына мыналар енді:
• Оспанова А.К. – химия ғылымдарыныңы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
• Аубакиров Е.А. – химия ғылымдарының доктора, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
• Сейлханова Г.А. – доктор химии ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
• Машан Т.Т. – химия ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының профессор м.а.
• Бейсембаева К.А. – химия ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының доценті
• Тосмағанбетова К.С. – PhD, Еуразия ұлттық университетінің химии кафедрасының аға оқытушысы
Олимпиада ең үздік жас химиктерді анықтауға арналған платформа болды. Қатысушылар қатарында Евразия ұлттық университетінің 3 курс студенттері: Масагутов Тамерлан, Ергашов Максат, Талипов Нұрғали, Бекетов Жұлдыз, Қойшыбайқызы Таңшолпан.
Әсіресе, Масагутов Тамерлан ерекше көзге түсіп, 3-орынға ие болды. Ол диплом мен олимпиаданың демеушілерінен сыйлыққа ие болды.
Олимпиадасы «Физхимик-2025» қатысушылардың дайындық деңгейін арттырып қана қоймай, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, химия ғылымдарын танымал етуге және түрлі стардегі жоғары оқу орындары арасындағы академиалық байланыстарды нығайтуға ықпал етти.
Ғылым – жаңалықтар мен жетістіктерге бастайтын жол!
