
ЕҰУ-да Нұрғалиев оқуларына Қазақстан мен шетелдің 250-ден астам ғалым-филологтары қатысты





























Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Ш. Айтматов атындағы Халықаралық академияның академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ғылымы мен техникасы саласына еңбегін сіңірген қайраткері Рымғали Нұрғалидің туғанына 85 жыл толуына арналған ғылыми онкүндік өтті.
Онкүндіктің мақсаты - академиктің идеялары мен ғылыми көзқарастарын насихаттау және отандық ғалым мысалында ғалым-зерттеушілердің, филолог-ғалымдардың жас буынын тәрбиелеу. Онкүндік аясында «Нұрғалиев оқулары-ХІV: ХХІ ғасырдың ғылыми қоғамдастығы. Филология ғылымдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Рымғали Нұрғали ірі ғалым, қазақ драматургия теориясының негізін қалаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар өзінің ғылыми және шығармашылық жазушылық іс-әрекетімен қоғамдық пікірге, ағартушылыққа, білімге, ғылым мен мәдениетке әсер еткен жазушы, сыншы, аудармашы ретінде де танымал. Оның ғылыми жұмыстары мен әдеби шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерде де жариялануда. Ғалымның еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылғаны осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпағанын және көптеген жас зерттеушілер үшін ғылыми беделді негіз болып табылатынын растайды.
Ғылыми декада аясында өткен көркем мәтінді мәнерлеп оқу, эссе жазу, презентация жасау, көркем шығарма негізінде театрландырылған қойылым байқауларына университет мамандықтарының студенттері, магистрант пен докторанттары қатысты. Аталған іс-шараға жүз елуден астам қатысқан білімалушылар барлық номинация бойынша шеберлік танытып, Р. Нұрғалидің өмірі мен шығармашылығы туралы жоғары білім деңгейін көрсете білді.
Осылай, қазақ тілінде үздік эссе байқауында 1 орынға Асылбек Алина (магистратура, ҚТӘ-11) ие болды, ғыл.жет. – ф.ғ.к., доцент Айтуғанова С.Ш., 2 орын - Сейтбай Фариза (Қаржы-17), ғыл.жет. – ф.ғ.к., доцент Канафина М.А., 3 орын - Ихсан Данияр (Әдебиеттану, докторант), ғыл.жет. – ф.ғ.к., қауымд. проф. Кемеңгер Қ. Орыс тілінде үздік эссе байқауында 1 орын лайықты түрде Рахимжанова Аруанаға (Ққ-13) берілді, ғыл. жет. - п.ғ.к., доцент Тоқсанова С.К., 2 орын - Абигерова Дамиля (ҚТӘ-11), ғыл. жет. - п.ғ.к., доцент Нурманова Ж.К., 3 орын - Умарова Дильназ (РЯЛ-36), ғыл. жет. – ф.ғ.д., проф. Бейсенова Ж.С.
Қазақ тілінде үздік мәнерлеп оқу байқауында 1 орын Әмренов Ақылжанға берілді (Р.Нұрғалидің рухына арнау) (ШТ-11 ФФ), ғыл. жет. – PhD, доцент Ауезова А.Т., 2 орын - Алмағамбетов Низами (М. Шаханов «Ғайша жеңгей») (ФҚТ-11, ФФ), ғыл.жет. – ф.ғ.к., қауымд. проф. Мукажанова Л.Г., 3 орынды Мұратбекқызы Ақбөпе (ҚТӘ–15) М. Жумабаев «Сағындым»), ғыл.жет. – аға оқытушы Жумакасова Г.Г., Ержанқызы Ақбота (ҚТӘ–19 ФФ) (М. Шаханов «Махамбеттің соңғы сөзі»), ғыл.жет. – PhD, доцент Акишева А.К., және Жанатова Жансая (ФҚТ–13 ФФ), ғыл.жет. – магистр, аға оқыт. Толбаева Д.Е., бөлісті. Орыс тіліндегі мәнерлеп оқу байқауында орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын - Ғайсаев Айбар (Б. Окуджава «Первый день на передовой») (Халықарлық құқықтану-11, ЗФ), ғыл. жет. - п.ғ.к., доцент Токсанова С.К., 2 орын - Закарина Асыл (М. Цветаева «Встреча с Пушкиным») (Ққ-15), ғыл. жет. - ф.ғ.к., доцент Хамидова А.Х., 3 орын - Смаилова Инара (А. Блок «Кармен») - РЯЛ-42, ғыл. жет. - п.ғ.к., қауымд. проф. Мукажанова Л.Г.
Үздік презентация байқауы, қатысушылар дайындаған бейнероликтер мен слайд-шоу түрінде жүзеге асырылды. Аталған байқауда 1 орынды Ш-01 топ студенттері Қуанышқалиев Даниял, Ермекова Жасмин, Омарова Амира, Жораева Сымбат иеленді. Ғылыми жетекшілері: ф.ғ.д., проф. Нұрғали Қ.Р. және PhD, аға оқытушы Азкенова Ж.Қ. 2 орын ФКТ-11 тобының студенті Хамитжан Жасминаға берілді, ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдаст. проф. Мукажанова Л.Г. 3 орынды ҚҚ-01 тобының студенті Абдулхамитов Еламан иеленді, ғыл. жет.: п.ғ.м., аға оқытушы Жұмақасова Г.Ғ.
Үздік театрландырылған қойылым байқауы ең қызықты байқау болып табылды. Қазылар алқасы шешіміне сәйкес педагогика ғылымдарының магистры, аға оқытушы А.С. Кенжеғұлова жетекшілігімен КТӘ-15 (ФФ) топ студенттері дайындаған Семей полигоны туралы "Аятталмаған трагедия" 1 орынға ие болды. Екінші орынды екі қойылым бөлісті: "Күлпәш" (ОХМ-11 тобы, ғыл.жет.: ф.ғ.к., қауымдаст. проф. Нұржанова З.М.) және "Батыр Баян" («Биология» және «Метеорология» мамандығы, ғыл.жет.: ф.ғ.к., доцент Түсіпова А.Қ.). 3 орын екі қойылымға берілді: "Ұлт ұстазы" Р. Нұрғали: шығармашылық жол (ҚТӘ-05, ғыл. жет.: п.ғ.м., аға оқытушы Жұмақасова Г.Ғ.) және "Беу, қыздар-ай!». Көріністің қысқаша сипаты: комедия, лирика (ҚТӘ-11, ғыл.жет.: п.ғ.к., доцент Нурманова Ж.Қ.). Сонымен қатар, "Айсұлу" қойылымы (Құқықтану мамандығы) көрермендер көзайымы сыйлығымен марапатталды, ғыл.жет.: п.ғ.к., доцент Нурманова Ж.К.).
«Академик Р. Нұрғалидің шығармашылық пен мәдениетке деген көзқарастарының өзектілігі» атты дөңгелек үстел маңызды оқиға болып табылды. Дөңгелек үстел аясында Р. Нұрғалидің ғылыми және қоғамдық-мәдени идеяларының өзектілігі, ғалымның ғылыми мұрасының қазіргі гуманитарлық ғылымның даму перспективаларымен байланысы туралы баяндамалар жасалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Декаданың негізгі іс-шарасы болған “Нұрғалиев оқулары - ХIV: ХХІ ғасырдың ғылыми қоғамдастығы. Филология ғылымдары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 12-14 наурызда өтті.
Аталған ауқымды форумның ашылуына университеттің академиялық мәселелері жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай мен филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы қатысты. Қазақстан, Ресей Федерациясы (Мәскеу қ., Қазан қ., Таганрог қ.), Беларусь (Гродно қ.), Молдова, Өзбекістан (Қарақалпақыстан), Қырғызстан, сонымен қатар Польша (Катовице қ.), Румынияның (Яссы қ.) 250-ден астам өкілдерін біріктірген жылсайын өтетін конференция өзінің өміршеңдігін растады. Атақты филолог ғалымдар студенттер, магистранттар мен докторанттарымен бірлесіп тіл білімі, әдебиет, орта және жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелерін талқылады. 14 жыл бойы аталған ғылыми форумның адал серіктестері және бірлесіп ұйымдастырушылары болып табылатын серіктес жоғары оқу орындарына ерекше алғыс айтылды. Декада қатысушылары, жыл сайын "Нұрғали оқулары" географиясы, жаңа қатысушыларды тарта отырып, гуманитарлық ғылымдар өкілдерін біріктіре отырып, тәжірибелі және жас ғалымдардың сұхбаты үшін платформа құрып, тек кеңее беретініне сенімді.
Декаданың салтанатты жабылуында ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен, жүлдегерлер - ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификат берілді.
