
Шет тілдер кафедрасында ашық сабақ өтті

2025 жылдың 19 наурызында Халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдері кафедрасының оқытушысы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор ( доцент) Ж.М.Байгожина «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәнінен "Early birds" тақырыбындағы ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты мәдениетаралық коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту және осы тақырып бойынша студенттердің тыңдау және сөйлеу дағдыларын одан әрі жетілдіру болды.
Сабақ заманауи білім беру технологиялары арқылы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқытушы лексикалық материалды ойдағыдай бекітуге ықпал етіп, студенттердің мотивациясын тудыратын түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды қолданды. Сабақ барысында студенттер оқыған грамматикалық құрылымдарды жақсы меңгергендіктерін көрсетті және мұны оқытушы ұсынған тапсырмаларды орындау кезінде көрсетті және студенттер өзара қатемен жұмыс жасай алды. Сабақта миға шабуыл, топпен жұмыс, қарқынды әдіс, ойын әдісі және т.б әр түрлі заманауй әдістер қолданылды.
Сабақтың барлық кезеңдері өзара байланысты және логикалық тұрғыдан сәйкес келеді. Студенттер сабаққа белсене қатысып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғары деңгейде көрсетті, бұл оқытушының және оның әдістемесінің табысты жұмысының көрсеткіші.
Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.К.Мейрамбекова және оқытушылары Ж.Т. Кулахметова, Ә.Қ.Мүтәлі, Л.А. Наханова, Д.С. Алькеева ашық сабаққа қатысты.
