
ЕҰУ физика-техникалық ғылымдар институтының қызметкерлері жасанды интеллект көмегімен дрондарды әзірлеуді талқылауға қатысты









Астана қаласындағы Park Inn by Radisson қонақ үйінде «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара ғылыми-техникалық жобаларды іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес Ғылым онкүндігі аясында өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жасанды интеллекттің озық технологияларын қолдана отырып, дрон индустриясында инновациялық өнімдер әзірлеуге байланысты ғылыми-техникалық негіздемелерді талқылау болды. Қатысушылар екі негізгі бағыт бойынша пікір алмасты:
- Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы дрон индустриясында кешенді инновациялық өнім әзірлеу;
- Қалықтап ұшатын оқ-дәрі (дрон-камикадзе) жүйесін әзірлеу және оның ғылыми-техникалық параметрлерін негіздеу.
Іс-шара барысында әзірлемелердің техникалық сипаттамалары, қолдану сценарийлері, жасанды интеллектпен интеграциялау мүмкіндіктері, сондай-ақ қауіпсіздік пен нормативтік реттеу мәселелері қарастырылды.
Институт тарапынан дөңгелек үстел жұмысына келесі қызметкерлер қатысты:
Ерик Нұрмолдин - институт директоры;
Бақытжан Оразбеков - ғылым жөніндегі директордың орынбасары;
Әбдіқұл Ашуров - ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының меңгерушісі;
Қанат Саханов - ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының оқытушысы;
Арман Сыздыков - ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының оқытушысы;
Алтынбек Зулхажав – цифрлық даму секторының менеджері.
Аталған шара институт қызметкерлерінің ұлттық маңызы бар ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларға қатысуына, қорғаныс-өнеркәсіптік кешен ұйымдарымен әріптестік байланысты нығайтуына және жоғары технологиялар мен цифрландыру саласындағы ғылыми бастамаларды ілгерілетуге септігін тигізді.
