
Психология кафедрасындағы ғылым онкүндігі
Тұрақты даму
07.04.2025 40



Ғылымның онкүндігі аясында «Зерттеулердегі психологиялық-педагогикалық деректерді өңдеу әдістері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Нурадинов Алмат Сабитович жүргізді.Іс-шара барысында ғылыми жұмыстардың теориялық және практикалық бөлімдерін рәсімдеу мәселелері, сондай-ақ деректерді өңдеуге арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қарастырылды. Дипломдық және диссертациялық зерттеулерді жазуға қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.Семинар барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, өздеріне қатысты мәліметтер бойынша ақпарат алды.
Бөлісу:
