
Халықаралық қатынастар факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табысталды
2023 жылғы 22 маусымда Халықаралық қатынастар факультеті түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Шараға университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасындағы Елшілік өкілдері, шетелдік ұйым жетекшілері, ата-аналар қатысты.
Халықаралық қатынастар факультетін бакалавриат бойынша – 160, магистратура бойынша – 64 түлек тәмамдады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақыш Серік Биханұлы факультет білім алушыларын ерекше күнмен құттықтай отырып, жастарға жарқын болашақ тіледі. 30 білім алушы дипломмен қоса Басқарма төрағасы – Ректор атынан алғыс хатпен марапатталды.
7М03107 – «Халықаралық қатынастар», 7М03105 – «Аймақтану», 7М02209 – «Шығыстану», 7М02212 – «Түркітану», 7М02304 «Филология: түркі тілдері», 6B03102 – «Халықаралық қатынастар», 6B020900 – «Шығыстану», 6В02212 – «Түркітану», 6В02312 – «Шетел филологиясы: түрік тілі», 6B03105 – «Аймақтану» білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен үздік диплом иегерлеріне шетелдік елшілік өкілдері диплом табыстады.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысының орынбасары Чи Фан; Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, кеңесші Каната Томохиро; Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің Білім жөніндегі кеңесшісі Өмер Инан; Қырғызстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы Исмоилова Чолпон Нурбековна; Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің Мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин; Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, екінші санатты Төтенше және Өкілетті Елші Қобыландин Қалыбек Ибрагимұлы түлектерді құттықтап, елдер арасындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы білім-ғылым, мәдениет бағытындағы әріптестік байланыстар жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, PhD Қосыбаев Мирас Махмедунұлы түлектерге сәттілік пен табыс тілей отырып, өз білімдерін магистратура мен докторантурада жалғастыруға шақырды.
Шара барысында бітіруші түлектерге ENU Endowment fund туралы да толық мағлұмат берілді. Түлектер оқу ордасына алғысын қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, қытай, корей, жапон, араб, парсы тілдерінде жеткізіп, ұстаздар қауымына жүрекжарды лебіздерін арнады.
Халықаралық қатынастар факультеті ұжымы бакалавриат, магистратура бойынша диплом иегерлерін құттықтайды! Еуразия ұлттық университетіндей іргелі білім ордасында жинақтаған білім қоры еліміздің дамуы жолында пайдаға асуына тілектестік білдіреді!
