
ЕҰУ қызметкерлерге арналған ағылшын тілін үйрену курсын ашты








Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлеріне ЖОО есебінен ағылшын тілін онлайн оқыту курсынан өтуге мүмкіндік берілді.
ЕҰУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов атап өткендей, университет өз қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамыту үшін үнемі жұмыс жүргізіп келеді.
«Бүгін біз тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталған жобаны таныстырғымыз келеді. Себебі бүгінде халықаралық академиялық, зерттеу тілі-ағылшын тілі. Ағылшын тілін үнемі оқыту біздің университеттің ерекше назарында», - деп атап өтті проректор.
Жоғары білім, ғылым және инновация саласындағы халықаралық сарапшы, Дүниежүзілік банктің халықаралық сараптамалық кеңесінің төрағасы Ербол Сүлейменов Easy English ағылшын тілін оқыту платформасын таныстырды.
Оның айтуынша, жобаны британдық мамандар британдық кеңеспен бірлесіп әзірлеген, смартфондарда, планшеттерде және компьютерлерде қол жетімді.
Сарапшы атап өткендей, Бағдарлама Қазақстанның, Өзбекстанның және шетелдің жоғары оқу орындарында енгізілген. Спикердің айтуынша, оқу 400 академиялық сағаттан тұрады. Барлық курстар 24/7 қол жетімді болады. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алады.
