
«Цифрландыру елде және әлемде» тақырыбында Екінші республикалық студенттік ауызша синхронды аударма конкурсы

2025 жылғы 17 наурызда «Цифрландыру елде және әлемде» тақырыбында Екінші республикалық студенттік ауызша синхронды аударма конкурсының («ТІЛ ҚАЗЫНА») бірінші іріктеу туры өтті. Конкурс Қазақстан кәсіби аудармашылары мен аударма компаниялары қауымдастығының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен және «Гала Глобал Групп» аударма компаниясымен бірлесіп өткізілді.
Іріктеу туры онлайн форматта Microsoft Teams платформасында өтті. Оған Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындары мен қосымша кәсіби білім беру мекемелерінен 77 студент қатысты.
Конкурсқа барлығы 75 өтінім келіп түсті, оның ішінде тілдік жұптар бойынша:
- Орысша-қазақша: 5 өтінім
- Ағылшынша-қазақша: 27 өтінім
- Орысша-ағылшынша: 43 өтінім
Конкурстың финалы 2025 жылғы 1 сәуірде өтті. Қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
- Сүлейменова Тәмила – 3 орын (ағылшын-орыс)
- Әлмұқанова Айым – 2 орын (ағылшын-орыс)
- Елеусіз Аружан – 2 орын (ағылшын-қазақ)
- Катренова Динара – 1 орын (ағылшын-орыс)
- Хангелдина Гауһар – 1 орын (ағылшын-қазақ)
Қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған қатысушылар:
- Нұрбеков Карим
- Жұмабаева Дильназ
- Куламан Анеля
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
