
"Айналамыздағы Бухгалтерлік есеп" атты Бухгалтерлік есеп бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған XI Еуразиялық олимпиадасы өтті

27-28 наурыз аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті "Айналамыздағы Бухгалтерлік есеп" атты Бухгалтерлік есеп бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған XI Еуразиялық олимпиадасы өтті. Біздің университетімізден 5 студент қатысты.
Узакбаева Сымбат 4 курс
Кабдрахметова Айгерим 3 курс
Дүйсен Диана 3 курс
Нұрланқызы Айзада 3 курс
Мусина Алина 3 курс.
Біздің студенттеріміз тек қана катысып қоймай, жүлделі орындарға ие болды. Олимпиада 2 түрлі турдан тұрды. Бірінші индивидуалды тест, яғни әр студент өзінің жеке Бухгалтерлік есеп жайлы білімдерін көрсетуге арналған тест. Екінші тур командалық творчестволық конкурс болды. Ол жерде, қатысушылар өздерінің өнерлерін бухгалтерлік есеп пен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен үйлестіру арқылы бәрімізге белгілі "Дәрігер Айболит" ертегісін көрсетті.
Жүлделі орындарымызға келсек, бірінші турда 3 курс студенті Кабдрахметова Айгерим 1 орынға ие болды. Ал екіншісі турда Еуразия ұлттық университетінің коммандасы 2 орын алды. Олимпиада қатысушыларға сертификат, диплом ғана бере қоймай, одан бөлек олимпиада таңбасымен жейде, сөмке деген сиякты сыйлықтар табыс етті. Бұдан бөлек қатысушылар үшін қала ішінде эксурсиялар өтті. Студенттеріміз өздерінің осылай олимпиадаға барғандарына өте қуанышты, бұл олар үшін есте қалар естелік болып қалды.
