
«Қазақстандағы лудомания: себептері мен оны еңсеру жолдары» семинары

08 сәуір күні, ғылым онкүндігі аясында «Қазақстандағы лудомания: себептері мен оны еңсеру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Баязитов Нұрсұлтан Бекзатұлы — «Психология» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты, психолог-аддиктолог, гештальт-терапевт, «Soul Clinic» менталдық денсаулық клиникасының жетекшісі, Қазақстан Психологтар Одағының және Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, лудомания мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы жүргізді.
Нұрсұлтан Бекзатұлы тәуелділіктің, әсіресе лудоманияның алдын алу және емдеу саласында белсенді жұмыс істейді:
* Тәуелділікпен күреске бағытталған жеке және топтық психокоррекциялық бағдарламаларды жүргізеді;
* Ойын тәуелділігімен жұмыс істеуге арналған авторлық әдістемелерді әзірлейді;
* Жасөспірімдерге, студенттерге және ата-аналарға арналған ағартушылық жұмыстар жүргізеді;
* Мамандарды тәуелді клиенттермен тиімді жұмыс істеуге үйретеді;
* Лудомания қаупі туралы хабардарлықты арттыруға және салауатты мінез-құлық стратегияларын қалыптастыруға бағытталған алдын алу шаралары мен оқыту іс-шараларын ұйымдастырады.
Семинар интерактивті форматта өтіп, келесі бағыттарды қамтыды:
* Құмар ойындарға тәуелділіктің себептері мен психологиялық механизмдері туралы дәріс;
* Қазақстандағы лудоманияның өзекті статистикасы мен ерекшеліктерін талқылау;
* Топтық жұмыс пен тәжірибелік жаттығулар;
* Нақты жағдайларды талдау және тәуелділікті еңсерудің жолдарын іздеу.
Студенттер теориялық біліммен қатар, тәуелділіктің белгілерін тану және бұл мәселемен бетпе-бет келген жақындарына алғашқы көмек көрсету алгоритмдерін де меңгерді.
