
Жасыл экономиканы басқару бойынша үшінші жазғы мектеп 5 елдің қатысушыларын жинады

ЕҰУ-да жыл сайынғы «Gem-silkway 2023 Central Asia edition» жазғы мектебінің ашылуы өтті. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Италияның Қазақстандағы Елшісі Марко Альберти, сонымен қатар қазақстандық, итальяндық, испандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Италия студенттері қатысты.

Жазғы мектеп жасыл экономика мен «жасыл» энергияның орнықты даму проблемаларын талқылауға, қоршаған ортаның жалпы геосаяси проблемаларын шешуде әлем елдерінің күш-жігерін шоғырландыруға арналған. Жазғы мектептің ұйымдастырушылары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Eni компаниясы, Италияның Қазақстандағы елшілігі және Милан-Бикокка университеті.
«Биыл бұл жазғы мектеп ЕҰУ-да үшінші рет өткізілуде. Green Energy management жазғы мектебі біздің университеттің брендтерінің біріне айналуда. Қоршаған ортаны сақтау және қорғау міндетінің маңыздылығын түсіне отырып, ЕҰУ білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және «Жасыл экономика», «TREASUREWATER» сияқты жобаларды іске асыру арқылы жасыл энергетика бойынша білімді қалыптастыруға және таратуға өз үлесін қосады. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап ЕҰУ-да «Жасыл экономика» Қазақстан-поляк зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі кездесу – жасыл энергетиканы дамыту саласында тәжірибе және пікір алмасу, келешегін талқылау және еуразиялық өңір контекстінде орнықты даму үшін қажетті шараларды айқындау үшін тамаша мүмкіндік», - деп атап өтті Ерлан Сыдықов өзінің құттықтау сөзінде.
Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти жыл сайын бүкіл әлем бойынша 9 миллион адамның қоршаған ортаның ластануынан қайтыс болатынына назар аударды.
Тұрақтылық болмаса, инновация болмайды. Инновация - мақсат. Қоғамды дамытамыз десек, соларды пайдалануымыз керек. Сонымен қатар, тұрақтылық - бұл инновацияның мағынасы жоқ жол. Компанияларсыз тұрақты даму туралы айту дұрыс емес. Егер компаниялар бұған қатыспаса, декарбонизациялаудың кез келген стратегиясы өміршең болмайды. Жеке сектормен ынтымақтастықсыз тұрақты даму да мүмкін емес. Сондықтан біз бұл жобаға көбірек мүдделі тараптарды тартқымыз келеді. Біздің мақсатымыз – тұрақты дамуды жүзеге асыру үшін барынша жағдай және платформа жасау. Бізге тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мамандар қажет. Адамдар кез келген стратегияның сәтті факторы болып табылады. Сондықтан университеттер трансформацияда шешуші рөл атқарады», - деді дипломат.
ЕҰУ-дың 3 курс студенті Сұлтан Біржанұлы өзінің бірінші күні алған әсерімен бөлісті:
«Жазғы мектептің бірінші күнінде ЕО елдерінің энергетикалық қауіпсіздігінің және Орталық Азия мемлекеттері елдерінің, оның ішінде біздің еліміздің өзара іс-қимылының негізгі фактілері дәлелденді. Маған барлығы, соның ішінде мемлекеттер арасындағы энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелерді талқылау қатты ұнады», - деді студент.
Италиядан келген тыңдаушы Антонио Севилья өзінің ой-өрісін дамытып, алған білімін мансабында қолдану үшін жазғы мектепке қатысатынын атап өтті.
«Бұл әртүрлі елдермен, соның ішінде Қазақстан және Орталық Азиямен танысуға жақсы мүмкіндік. Мен халқын, тарихын, мәдениетін тереңірек білу үшін Қазақстанға тағы оралғым келеді», - деп қосты шетелдік қонақ.
Жазғы мектеп барысында ЕҰУ, Милан-Бикокка университеті, ҚазҰУ, Ташкенттегі Вебстер университеті, Сантьяго-де-Компостела университеті оқытушылары Орталық Азиядағы көпжақты қатынастардың геосаясаты, ОА аймағындағы жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық саясат және басқа да маңызды стратегиялық бағыттар туралы дәрістер оқиды.
Іс-шара аясында «Орталық Азия және жаңа геосаяси перспективалар: энергетикалық ауысу» атты дөңгелек үстел өтеді.
Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушылар өз идеяларын ұсынып, тұсаукесерлерімен таныстырады.
Айта кету керек, жазғы мектеп жыл сайын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында «Silk Way» консорциумының қызметі аясында өтеді. Ол 2022 жылы құрылған және Испания, Португалия, Италия, Әзірбайжан, Қазақстан университеттерін біріктіреді.

