
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де цифрлық трансформация тақырыбындағы ғылыми семинар өтті



2025 жылғы 9 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Семинарға оқытушылар, зерттеушілер, ІТ саласының өкілдері және Өзбекстан Ұлттық университетінің халықаралық әріптестері қатысты. Жиын жоғары білім берудегі цифрландыру, цифрлық құзыреттерді дамыту, жасанды интеллектті қолданудағы этикалық аспектілер және инклюзивті цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.
Семинар аясында келесі төрт негізгі баяндама ұсынылды: Айгерім Нуралиевна Оспанова, Күлшат Ағибаевна Медеуова, Айбол Тілеухан және Алтынбек Акпанов. Баяндамалар білім беру саласындағы цифрландыруды зерттеу нәтижелерін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қолдауға арналған «Инклюзивті гид» атты зияткерлік жүйені қамтыды.
Жасанды интеллектті қолдануға байланысты цифрлық тәуекелдер мен зерттеу этикасы тақырыбындағы ә.ғ.д., профессор Күлшат Медеуованың баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен бизнес өкілдері арасында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелеріне ерекше назар аударылды, бұл цифрлық технологиялардың білім сапасына және түлектердің еңбек нарығына дайындығына әсерін бағалауға мүмкіндік берді.
Қонақтар арасында:
- ф.ғ.д., профессор Аяжан Сағиқызы, жоба ғылыми жетекшісі, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты,
- ә.ғ.д., профессор Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы, ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары, аталған институт,
- PhD, доцент Зайытов Элёр Холмаматович, «Социология» кафедрасының меңгерушісі,
- ә.ғ.д., Хайринисо Хусанова, Өзбекстан Ұлттық университеті «Социология» кафедрасының профессоры,
- PhD, доцент Ахмедова Феруза Медетовна, Өзбекстан Ұлттық университеті
семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, Орталық Азия елдеріндегі цифрлық трансформация үдерістерін салыстырмалы талдаудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында заңнаманы, цифрлық инфрақұрылымды және білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Семинар модераторы – PhD оқытушы Нурлан Байгабылов.
