
XX Халықаралық студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Ғылым және Білім -2025» ғылым конференциясы

7.6 секция 11 сәуір 2025 жылы «Туризм» кафедрасы бойынша студенттер мен жас ғалымдар баяндамаларын үш тілде (ағылшын, қазақ, орыс) жасады. Оның ішінде қазақ тілінде мақалалар саны-22, орыс тілінде мақалалар саны-13, ағылшын тілінде мақалалар саны -18. Барлығы - 53 мақала.
Секцияға Мақсұт Нәрікбаев университеті, Тұран-Астана университеті, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Көшбасшылық және корпоративті басқару» білім бағдарламасынан магистрлерінен мақалалар ұсынылды.
Cекция отырысында бір баяндамашыға 8-10 минут уақыт регламенті беріліп, баяндамалар талқыланды, баяндама жасаушыларға тақырыптарына сәйкес сұрақтар қойылды.
Баяндамашылардың жұмыстарын қорытындылай келе Комиссия мүшелері келесі баяндамашыларды марапаттауға
ҚАУЛЫ қабылдады:
I дәрежелі диплом
Дәурен Айзат (ғылыми жетекшісі Тлеубаева А.Т. )
II дәрежелі диплом
Багитжанова Камилла, Шаймухамед Мерей (ғылыми жетекшісі Нурманова У.К.)
Көпей Адель (ғылыми жетекшісі Каратаев Д.Д. - Мақсұт Нәрікбаев университеті)
III дәрежелі диплом
Сайын Мадина (ғылыми жетекшісі Омарова А.С.)
Хамидуллин Нурсейл (ғылыми жетекшісі Амерханова А.Б.)
Мухамбетқалиева Жансая (ғылыми жетекшісі Тлеубаева А.Т.)
Келесі баяндамашыларға Алғыс хат берілді:
Сайдханова Арайлым (ғылыми жетекшісі Тлеубаева А.Т.)
Калихан Айзере (ғылыми жетекшісі Каратаев Д.Д. - Мақсұт Нәрікбаев университеті)
Мұрат Аружан (ғылыми жетекшісі Жунисова К.К.)
