
«ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2025» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.





























2025 жылғы 11 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2025» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
2025 жылғы 11 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2025» атты ХХ халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты 6.5-секцияның жұмысын аударма теориясы мен практикасы кафедрасы атқарды.
«Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты 6.5-секцияны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, ақын және ғалым Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы ашты. Іс-шараға филология факультеті деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары PhD докторы Г.С. Қасбаева қатысып, конференцияға қатысқан студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған құттықтау сөз сөйледі. Жас зерттеушілердің аударма және мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми ізденістерінің маңыздылығын атап, қатысушыларға қолдау мен сәттілік тілегін aударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Д.М. Акижанова жеткізді.
«Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» бағыты бойынша комиссия төрағасы – ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор Г.И. Кульдеева, комиссия мүшелері – ф.ғ.к., профессор Ж.М. Қоңыратбаева, ф.ғ.д., доцент Г.А. Муратова, PhD, қауымдастырылған профессор М.Ж. Ескиндирова. Комиссия хатшысы – PhD, оқытушы В.В. Сиряченко.
Комиссияның қарастыруына жас ғалымдар тарапынан 20 ғылыми өтінім түсті. Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Maqsut Narikbayev University (Астана қ.), Торайғыров университеті (Павлодар қ.), Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ.) және KILC колледжінің (Астана қ.) студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Секцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды.
Секция жұмысы барысында жас ғалымдар өз пікірлерін айтып, аударма саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Конференцияның «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты секциясы өте белсенді әрі қызықты форматта өтті. Секция жұмысының нәтижесінде жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылды.
Конференция секциясының нәтижелері:
1 орын:
– Сүндетова Аружан. Тақырыбы: “Жаңбыр” концептісінің тілдік-танымдық сипаты және тіларалық берілуі (Э. Хемингуэйдің “Қош бол, майдан!” романы негізінде).
2 орын:
– Утеулиева Айгерим. Тақырыбы: Lexical-semantic types of non-verbal means and their translation.
– Нығметулла Кәмила. Тақырыбы: Көркем әдебиет стилінің аудармасы: жасанды интеллект, машиналық аударма мен адам аудармасының салыстырмалы талдауы (Э. Хемингуэйдің “Килиманджаро – қарлы тау” әңгімесінің негізінде).
3 орын:
– Катренова Динара. Тақырыбы: Conceptual Analysis of Color Idioms in Kazakh and English Languages.
– Бектлеуова Аружан. Тақырыбы: Тіл және әдеп: ұлттық ерекшеліктер мен аудармадағы ұстанымдар.
– Дулатова Алуа, Қадырова Руфина. Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
Орын алған жеңімпаздардан бөлек, конференцияға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды:
– Сейткенов Камал. Тақырыбы: Көркем мәтін тілі прагматикасын жеткізуде тіркесті бірліктердің аударылу ерекшеліктері.
– Әбдірахман Айтолқын. Тақырыбы: Аудиовизуалды аудармада реалияларды беру ерекшеліктері.
– Жексемби Диара. Тақырыбы: Аудармада қолданылатын цифрлық технологиялардың жетістіктері.
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне ұсынылған зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейі, белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді. Баршаңызға ғылыми жұмыстарыңызда шығармашылық табыс тілейміз!
