
2025 жылдың 11 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «GYLYM JANE BILIM – 2025» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға «6B02209 – Шығыстану» БББ білім алушылары мен жас ғалымдары қатысты.













2025 жылдың 11 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «GYLYM JANE BILIM – 2025» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға «6B02209 – Шығыстану» БББ білім алушылары мен жас ғалымдары қатысты. Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті: өркениетаралық байланыстар аясында түрлі ғылыми тақырыптарға баяндама жасап, пікір алмасты.
Конференция мақалалары жинағына барлығы 51 ғылыми мақала ұсынылды. Төрайым – Биримкулова Г.У. – Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а., PhD. Комиссия мүшелері: Абжаппарова Б.Ж. – профессор, т.ғ.д.; Ильясова К.М. – доцент, т.ғ.к.; Азмуханова А.М. – доцент, т.ғ.к.; хатшы – Шакен Н.Р. – аға оқытушы, магистр.
Ғылыми конференцияда барлық қатысушылардың баяндамасын тыңдап, төрайым және комиссия мүшелері жас ғалымдарды марапаттады. Шығыстану кафедрасының 2 курс студенті Сейлканов Нұрасыл І орынды иеленді. ІІ орын – Серік Әділет пен Әбикен Ажар. ІІІ орынды – Максотова Сабира және Алтынбек Назерке иеленді. Сонымен қатар, Алғыс хатпен – Базарбек Айнарбек, Алдияров Шыңғысхан және Садық Меруерт марапатталды.
Жас ғалымдарға болашақта елеулі еңбектер, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз.
