
Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасы мен «China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec)» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі арасындағы кездесуі

Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасы мен «China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec)» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі арасындағы кездесуі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М.Қосыбаев, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У.Биримкулова және «China Petroleum & Chemical Corporation» компаниясының Қазақстан Республикасындағы Қытай мұнай химия корпорациясының Ресей мен Орталық Азиядағы өкілдіктерінің корпоративтік мәдениет бөлімінің менеджері - Ван Дабин, Ресей мен Орталық Азиядағы «Sinopec» өкілдігінің Қазақстандық кеңсесінің корпоративтік мәдениет бөлімінің басшысы - Го Ци, Ресей мен Орталық Азиядағы Қытай мұнай-химия корпорациясы өкілдігінің Қазақстандағы кеңсесінің коммерциялық өкілі Батай Гүлдана арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шартты (меморандум) талқылау мақсатында кездесу өткізді.
«China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec)» — Қытайдың ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі және әлемдегі ең үлкен мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібі кәсіпорны болып табылады. Компанияның қызметі мұнай мен табиғи газды барлау, өндіру, өңдеу және сату жұмыстарын қамтиды. «Sinopec» мұнай өңдеу арқылы жанармай, дизель, бензин, авиациялық отын және басқа да мұнай өнімдерін өндіреді. Компанияның қызметі электр энергиясын өндіру және тарату, мұнай мен газды тасымалдау жүйелерін жүргізуді де қамтиды. Бұл компания әлемдік деңгейде мұнай өндіру мен өңдеу, энергетикалық сектордағы зерттеулер және экологиялық мәселелер бойынша белсенді жұмыс істейді.
Осы шартты жасасудың мақсаты – университеттің академиялық және мәдени ортасын байытуға бағытталған білім мен ресурстарды белсенді түрде алмасу шарттарын жасау. Бірлескен іс-шараларға энергетикалық технологиялар, қытай тілі оқулықтары мен мәдени алмасу тақырыбына арналған 200 кітапты беру және университетте тұрақты корпоративтік кітап сөресін ұйымдастыру кіреді. Бұл шаралар ЕҰУ студенттері мен оқытушылары үшін білім беру және мәдени ресурстарды кеңейтуге ықпал етеді. Шығыстану кафедрасы мен «SINOPEC-Group» арасындағы ынтымақтастық сондай-ақ академиялық және мәдени бастамаларды жүзеге асыруда өзара қолдауды көздейді, бұл университеттің білім беру үдерісін жақсартуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған стратегиясына сәйкес келеді.
