
ЕҰУ «Тәжікстан-2025» екінші халықаралық шет елдер университеттерінің көрме-фестиваліне қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бүгінде Душанбеде Тәжікстан Республикасының Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Тәжікстан-2025» екінші халықаралық шет елдер университеттерінің көрмесіне қатысуда.
Фестиваль-көрмеге Қазақстанның 8 жоғары оқу орны, оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде қатысып отыр. Биылғы жылы көрме Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Малайзия, Қытай және басқаларын қоса алғанда 12 елден 84 университетті біріктірді.
Фестивальдің басты мақсаты – Тәжікстан талапкерлеріне білім беру мүмкіндіктерінің кең спектрін ұсыну, елдер арасында академиялық және ғылыми ынтымақтастық орнату, сондай-ақ жоғары білім саласындағы заманауи жетістіктерді көрсету.
Сонымен қатар 2023 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академик М.С. Осими атындағы Тәжік техникалық университетімен бірлесіп ашқан ақпараттық технологиялар факультеті туралы ақпарат ұсынылады. Бұл жоба екі жоғары оқу орны арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды және Орталық Азияда сапалы қазақстандық білім беруді ілгерілетуге ықпал етеді. Көрме барысында талапкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ факультетті одан әрі дамыту үшін қосымша келісімдерді талқылау жоспарлануда.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көрме аясында Тәжікстан жоғары оқу орындарының басшылығымен кездесулер өткізуді, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін және қазақстандық білім беруді шетелде ілгерілету перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр. Фестивальге қатысу халықаралық байланыстарды нығайту және университеттің ынтымақтастық географиясын кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
