
«ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2025» XX Халықаралық ғылыми конференциясы

2025 жылдың 11 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2025» XX Халықаралық ғылыми конференциясы онлайн және офлайн форматында өтті. Конференцияға ҚР ЖОО-дағы студенттер, магистранттар қатысты. Қытай филологиясы кафедрасы «Қытай филологиясы мен лексикологиясы: жаңа бағыттар мен әдіснамалар» атты №6.7 секциясын ұйымдастырды. Аталған секцияға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Қатысушылар қытай тілін оқыту әдістемесі, аударматану, әдебиеттану және лингвомәдениеттану бағытында тың зерттеулерін ортаға салды. Секция төрағасы мен комиссия мүшелері мақала тақырыптарын, ғылыми зерттеудің өзектілігін, теориялық-зерттеу бағытын, жаңалығын, тұжырым- қорытындыларының дәйектілігін саралады.
Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің 2-курс магистранты Қалекенова Ж.Қ. І дәрежелі диплом, 2-курс магистранттары Майбас Ә.Т. мен Абдуллина А.Р. ІІ дәрежелі диплом, 4-курс студенті Мамедова Р.В., 1-курс магистранты Намазова Ж.Т. және 2-курс магистранты Нұрлан Е. ІІІ дәрежелі диплом, 4-курс студенті Кабышева А.Д. мен 1-курс магистранты Асқар Н. алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Абдуразакова М.Д. алғыс хатқа ие болды.
