
ЕҰУ да Жасыл офис ашылды

Университетте тұрақты даму стратегиясы аясында жаңа экологиялық кеңістік — Жасыл офис салтанатты түрде ашылды. Жобаның басты мақсаты — студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында экологиялық өмір салты мәдениетін қалыптастыру, «жасыл» бастамаларды қолдау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту.
Жасыл офис — университеттің экологиялық трансформациясындағы маңызды қадам болып табылады. Жоба жайлы, қауіпсіз және экологиялық жауапты білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Жасыл офис жұмысының негізгі бағыттары:
- қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту;
- қағаз бен пластикті тұтынуды азайту;
- кампус аумағын көгалдандыру;
- экологиялық акциялар, семинарлар мен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру.
«Жасыл офис — бұл жай ғана кеңістік емес, бұл — идеялар алаңы. Ол университеттегі күнделікті өмірді экологиялық және тұрақты бағытқа өзгерткісі келетін барлық жандарды біріктіреді. Біз бастамаларға ашықпыз және әрбір адамды жобаға қосылуға шақырамыз», — деп атап өтті Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі Думан Айтмағанбетов.
Жасыл офис — студенттер, оқытушылар және экология мәселелеріне бейжай қарамайтындар үшін ашық әрі ынтымақтастық алаңы болады.
Байланыс үшін:
Форсайт және тұрақты даму орталығы
Телефон: (7172) 709-500, ішкі 31-350
Электрондық пошта: rakhimova_nr@enu.kz
Біз әрдайым серіктестікке және жаңа идеяларға ашықпыз!
