
Саятова Мәдина «Үздік староста – 2025» байқауында «Үздік жоба» номинациясын жеңіп алды

2025 жылдың 12 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Үздік староста – 2025» байқауы өтті. Бұл байқау студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, креативті ойлауын және университет өміріне белсенді араласуын бағалауға бағытталған.
Аталған байқауда Жаратылыстану ғылымдары факультеті атынан 6В05209 – География білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Саятова Мәдина қатысып, «Үздік жоба» номинациясын иеленді.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
-
Факультет парады – қатысушылар факультетті таныстыратын бейнеролик ұсынды. Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы шығармашылық жұмыстар әзірленді;
-
Үй тапсырмасы – «ENU Vision: Студенттер көзқарасымен болашақ университет бейнесі» тақырыбында 3 минуттық шығармашылық жоспар таныстырылды;
-
Ситуациялық сұрақ – қатысушы қазылар алқасы қойған жедел сұраққа сол сәтте жауап берді.
Саятова Мәдинаның ENU Vision жобасы университеттің дамуына қатысты нақты идеяларды, білім алушы көзқарасымен жасалған талдаулар мен ұсыныстарды қамтыды. Жоба мазмұны мен орындалу сапасы жоғары бағаланып, нәтижесінде «Үздік жоба» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – жеке белсенділік пен шығармашылық қабілеттің, сондай-ақ факультет пен кафедра тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Саятова Мәдинаға алдағы оқу жолында табыс тілейміз!
