
ЕМВА түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану» кафедрасы «Экономика және маркетинг саласындағы әлеуметтанушы-талдаушы» және «Менеджмент» кафедрасы «Стратегиялық менеджмент» бағдарламаларының ЕМВА түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.
Іскерлік әкімшілік магистрілеріне диплом табыстау шарасына «Экономика және маркетинг саласындағы әлеуметтанушы-талдаушы» ЕМВА бағдарламасының бастамашысы Allur компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Ахметова А.С., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Лязат Нұркатова, ЕҰУ Академиялық мәселелер департаментінің директоры Байжұман Қашхынбай қатысты.
EMВA бағдарламаларының ғылыми және практикалық маңыздылығы - білім, ғылым және бизнестің интеграциясы болып табылады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерін ғылым мен инновация саласындағы саясатты оңтайландыруға және Қазақстандағы ғылым мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігі береді.
