
Республика деңгейінде өткен электр энергетика саласына қатысты пәндік олимпиададан командалық 3 орын алды.



Жыл сайын Республика деңгейінде өтетін электр энергетика саласына қатысты пәндік олимпиадаға, міне биыл үшінші рет Л.Н.Гумилев атандағы Еуразия ұлттық университеті, Көлік-Энергетика факультеті, Электр энергетика кафедрасының студенттері қатысты. Нәтижеде ІІІ команда орына қол жеткізді. Жарыс 15-16 сәуір 2025 жылы, Алматы қаласы Энергетика және байланыс университетінде өтті. Жетекші болып кафедраның техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жубандыкова Женіскул Өміртайқызы барды. Барған студенттердің арасындағы Мурзатаев Нурбол жеке сайыста екінші орынға ие болды. Бұл нәтиже біздің 2023 ашылған кафедра үшін өте маңызды және тұрақты көрсеткіштің белгісі болады. Ендеше дайындаған барша Профессор-оқытушы құрамды, барған команданы шын жүректен құттықтаймын! Бұл күміс біз үшін алтын! Осы сәтті пайдалана отырып биыл орта мектептерді бітіретін ұл-қыздарды "Электр энергетика" оқу бағдарламаны таңдап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін білім алуға шақырамыз.

Олимпиадаға қатысқан студенденттер:
1. Мурзатаев Нурбол ЭЭ-46 топ
2. Достанбеков Шынғыс ЭЭ-46 топ
3. Тұрланұлы Диас ЭЭ-35 топ

